Айқын: Полицейлерге телефоныңызды көрсетуден бас тартуға құқығыңыз бар
Айқын Төлепберген елдегі полицейлердің тексерісі жайлы айтты. Әнші тәртіп сақшылары сіздің рұқсатыңыз болмаса, телефон тексеруге құқығы жоқ дейді. Желідегі оқырманы өз кеңесін айтып жатыр.
Айқынның айтуынша, телефонда жеке мәліметтер сақталғандықтан оны өзге адамның рұқсатсыз қарауына болмайды.
“Біріншіден, егер полицей сізден телефоныңызды тексеруге сұраса, бас тартуға құқығыңыз бар. Бұл заңсыз. Екіншіден, тәртіп сақшысы сіздің рұқсатыңызбен немесе соттың шешімімен ғана қарай алады. Үшінші, протокол жазуды сұраңыз. Сіз онда телефоныңызды көрсетуден бас тартатыныңызды көрсете аласыз. Себебі, ол сіздің жеке құпия сөздеріңізді бұзып тұр. Төртінші, тексеру фото немесе видео тексеріспен бақылануы керек”, – деп жазды әнші.
Әншінің кей оқырманы мұны қолдаса енді, бірі қарсы шықты. Елдегі алапат жандал кезінде жеке құқықты сақтамай тәртіпке бағынудың сөкеттігі жоқ деп кеңес берді.
“Бізді тексеріп болды ғой”, “Телефонды тексергенде тұрған не бар?”, “Телефон тексергеннен бірнәрсе табу мүмкін емес”, “Мен де бас тартар едім”, “Егер жасыратын ешнәрсе жоқ болса, тексере берсін, онда тұрған не бар?”, “Олардың жұмысына дұрыс қарау керек, олар да еріккеннен тексеріп жатқан жоқ”, “Болмашы дүниеден проблема жасамайықшы”, – деп жазды желі оқырмандары.
Айқын 6 қаңтар күні тәртіпсіздіктер кезінде жазба жариялап, елді сабырға шақырған еді.
“Жақсы талаптармен басталған жиын не болып кетті. Сабырға келейік ағайын. Қанмен шешілмейді бұндай мәселелер. Саяси талаптармен емес, әлеуметтік талаптарды шешіп алу керек еді. Дүкен, көліктер, еңбек термен тапқан біреудің мүлігін тонау деген не сұмдық? Обал. Кіші бизнестің не қатысы бар? Қару-жарақ дүкендері тоналып, арнайы топтар жүр дейді қалада. Әкімдікке кіргеннен жүйе өзгермейді. Бәрі тек ортақ шешіммен мәселемен шешіледі. Күшпен емес. Сабыр!!!! Үкіметтегілер онсыз да халықтың мұңын тыңдауға дайын тұр қазір. Қаламызды төңкергеннен не пайда? Дүкендер жабық, жұмыстың бәрі тоқтап тұр, Сауда үйлері жабық, зауыт бәрі тоқтап тұр. Қанша адам онсыз да жұмыссыз. Сабыр, сабыр, сабыр!!!, – деді әнші.