"Айқайлаған дауысты естіген": Алматыда тұрғындар қызға тиіспек болған ер адамды ұстап алған
28 тамызда әлеуметтік желілерде Алматыда ер адам қызға шабуылдады деген ақпарат пайда болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Egovpress Telegram-арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Оқиға Алмалы ауданында болған. Қалалық полиция департаменті бұған жауап берді.
Алмалы ауданында тұрғындар қыздың айқайлаған дауысын естіген. Сол жерге келгенде, ер адамды байқаған. Ол тез киініп, қашуға тырысқан.
"Күдікті жауапқа тартылды. Басқа жағдайлар анықталуда", – деп мәлімдеді Алматы ПД баспасөз қызметі.
Алайда ер адамның қандай бап бойынша жауапқа тартылғаны нақтыланбады.
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн