Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қашан айыппұл салына бастайды?": Алматыда халық тегін донер үшін бір-бірін таптап кете жаздады

Алматыда тегін донер үшін қалың жұрт қаптап, бір-бірін таптап кете жаздады деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Әлеуметтік желілерде дүңгіршік жанындағы адамдардың жиналып, бір-бірін итеріп жатқаны таралды.

Адамдар кішкентай балаларды басып кете жаздады.

"Алматыда қандай да бір донер дүңгіршігі ашылып, донерлер тегін таратылды. Өте көп адам жиналды, олардың арасында кішкентай балалар да болды. Шамасы, Оңтүстік Кореядағы жағдайдан ешкім сабақ алмаған. Осындай жиын ұйымдастырған мекемелерге қашан айыппұл сала бастайды? Біреу өлгенін күтеміз бе?!" – дейді бейнежазба авторы.

Акцияны ұйымдастырушылар адамдардан қысым жасамауды сұрап, қалың қауымды тәртіпке шақырды.

"Жолдастар, өтініш, сәл алыстау тұрыңыздаршы, артта тұрғандарға да донер таратылады. Мұнда кішкентай балалар бар, оларды таптап кетерсіздер. Адамдықты сақтайық. Егер осылай жалғасса, енді донерді таратпаймыз", – дейді акция ұйымдастырушысы бейнежазбада.

Талқылау