Айым Сейтметова тұңғышын өмірге әкелді
Актриса Айым Сейтметова тұңғышын дүниеге әкелді. Ол 30 наурыз күні қызды болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"30.03.2022 күні мен ана атандым. Бұл әлемге қош келдің, қызым. Иісің қандай тәтті еді", – деп қуанышымен бөлісті Айым Instagram-да.
Шоу-бизнес өкілдері мен желі оқырмандары Айымды ана атануымен құттықтады.
"Қандай күшті жаңалық. Құттықтаймыз", – деп тілек білдірді Луина.
"Түленім, қуаныштан жарылып жатырмыз! Құттықтаймыыын жаным", – деді әнші Сэй Мо.
Айта кетейік, Айым Сейтметова – белгілі актерлер жұбы Азат Сейтметов пен Данагүл Темірсұлтанованың қызы. Ол 2019 жылы кәсіпкер, блогер Талғат Итаевқа тұрмысқа шыққан еді.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”