Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Айым Сейтметова: Анам жігітімді бір көргенде ұнатты

Бір жыл бұрын келін атанған жас актриса, Yuframe вайнері Айым Сейтметова қазіргі тұрмысы жайлы айтты. Актриса енесін анасындай жақсы көретінін айтады. Тіпті эфирде енесіне арнап сәлем салды.  

Бұл туралы Ревю бағдарламасында айтылды.

Айым Сейтметова актер Азат Сейтметов пен Данагүл Темірсұлтанованың қызы. Жас актриса, блогер Желіде белсенді. Бірнеше кино картинада бой көрсетті. 

"Келін болып түскеніме бір жыл болды. 22 жасымда тұрмыс құрдым. Жігітіммен танысқан соң бір айдан кейін ол ата-анаммен танысқысы келді. Анам әлі ерте емес пе деп таңғалды. Бірақ жолдасым Талғат танысамын деп тұрып алды. Солай танысты. Анам оны бір көргенде ұнатты. Бұрыннан таныс адамдай, жүзі жылы деп жақсы көрді. Тұрмысқа келісімін берді", - деді Айым. 

Данагүл Сұлтанқызы бір сұхбатында қызы Айымға оқуын аяқтамайынша тұрмыс құруға рұқсат етпейтінін айтқан еді. Айтқанында, Айым оқуын тәмамдаған соң, 22 жасында тұрмыс құрды. Жолдасы Талғат авто блогер, кәсіпкер. Айымның өзі де соңғы кезде блогерлікті қолға алған. 

"Егер шақыртулар болса ата-енемнен рұқсат сұраймын. Олар қарсылық білдірмейді. Керісінше қолдап отырады. Сол үшін енемді жақсы көрем", - деп эфирде енесіне сәлем салды. 

Айым жолдасымен бірге түскен суретін жиі жариялап көңіл-күйін көрсетіп отырады. Ал жағымсыз пікір жазушыларды мүлде оқымаймын дейді. 

"Талғат пікірлерді оқып отырады. Мен мүлде оқымаймын. Біреудің атынан кіретіндер жазады жағымсыз пікірді. Ата-анам қарап отырады. Сондықтан алдағы уақытта ондай қолданушыларды құлыптап отыратын шығармын", - дейді актриса. 

Бұған дейін жас атрисаға сүйіктісі ұсыныс жасап, көп ұзамай ерекше үйлену тойы өтті

Талқылау