Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Айгүл Орынбек: Қыздарымыз негрге де тиіп жатыр, одан шал болса да өзіміздің азаматтарға тигені дұрыс

82 жасқа келіп үйленген Нұрғали Нүсіпжановтың тойы кешелі-бері әлі талқыланып жатыр. Кейбіреулер әнші ағамыз бен Жадыра Сейдештің бұған дейін де бірге тұрғанын жазуда.

Ақын Нұрғали Нүсіпжановпен отау құрған журналист жайлы: Екіқабат шығар дегендеріңіз қай сасқандарыңыз, қайта қуанбаймыз ба?

Сурет авторы: Қуандық Ешмет

Осы кезге дейін өзінен едәуір жас қалыңдық алған зиялылар арасында Нұрғали Нүсіпжанов рекорд жаңартты. Себебі, Асанәлі Әшімов, Әкім Тарази, Нұрғиса Тілендиевтердің жұбайымен арасы 20-30 жастың шамасында болса, Нұрғали аға 40 жастан аса кіші қызды жар етті өзіне. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Евразия арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

«Өткенде негрге ұзатылған қызды көрдіңіздер. Сол кезде қоғам бәрі қарсы болды. Негрге тигенше, өзіміздің шал да болса 82 жастағы өзіміздің ер азаматтарға шыққаны дұрыс», - қоғам белсендісі, заңгер Айгүл Орынбек.

Өткен ғасырдың 60-70-ші жылдарынан қазақ өнерінің биігінде жүрген Нұрғали Нүсіпжановтың шырқаған әндерін көзі қарақты көрермен, радио тыңдарман жақсы біледі. Тіпті, жақсы көреді оны. Парасат пайымымен атына да, атағына да кір келтіріп көрмеген әнші ағаны кешелі-бері әлеуметтік желіде бәрі талқылап жатыр. 82 жасқа шыққанда төсек жаңғыртқан Нұрғали Нүсіпжанов өзінен едәуір кіші, журналист Жадыра Сейдешке үйленді. 

«Біз қазір көп халықты жеңіл-желпі, айқау шуға, шоуға айналдырып жіберіп жатырмыз. Ендігі тәрбие беретін ұлттың қадір-қасиеті, елбасы айтқандай, әр адамзаттың, халықтың ұлттық код  болу керек», - деді Нұрғали Нүсіпжанов

Танымал тұлалар арасында жалғыз Нұрғали аға емес, өзінен бір-екі мүшел жас келіншек алғандар бар. Мәселен, әйгілі актер Асанәлі Әшімов өзін 33 жас кіші әйел алып, одан перзент сүйіп отыр. 

Талқылау