Әйгілі әнші Селин Дион ауыр дертіне байланысты сахнамен қоштасты

Әйгілі “Титаник” фильмінің саундтрегін орындайтын канадалық әнші Селин Дионның жағдайы ригидті адам синдромы салдарынан күрт нашарлады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Кейінгі жылдары әншінің денсаулығы сирек кездесетін неврологиялық дерт – ригидті адам синдромы салдарынан күрт нашарлады. Бұл ауру бүкіл дененің бұлшықетін түйілтеді. Әсіресе тыныс алуға және дауыс шымылдығының жұмысына жауап беретін бұлшықеттер қатты зардап шегеді. Ұстама кезінде дене “тас болып қатып”, қозғалу, сөйлеу немесе тік тұру өте қиынға соғады. Мұндай жағдайда ән айту мүмкін емес.
Селин Дионның айтуынша, бұлшықеттердің түйілуі кенеттен пайда болып, ұзақ уақытқа созылады. Осыған байланысты ол жоспарланған турларын тоқтатып, сахнадан толық кетуге мәжбүр болды. Әншінің сөзінше, бұл уақытша үзіліс те, форманың төмендеуі де емес, қанша қаласа да қазіргі физикалық мүмкіндігі бұрынғы деңгейде ән айтуға мүмкіндік бермейді.
Ригидті адам синдромы өте сирек кездеседі және кез келген жастағы адамға әсер етуі мүмкін. Ол күнделікті қимыл-қозғалысты қатты шектеп, үйреншікті белсенділікті тежейді, сондықтан кез келген физикалық жүктеме қауіпті болуы мүмкін.
Селин сахнадан кеткеніне қарамастан, жанкүйерлері оны қолдауды жалғастырып, оның шығармашылығын концерт жазбалары мен жаңа жобалары арқылы бақылап отыр.
Айта кетейік, бұған дейін “Евровидение 2024” ән байқауының жеңімпаздары анықталғаны хабарланған еді.
Қолданыста жүргеніне 50 жылдан асқан: Астанадан ұшқан қазақстандық ұшақтағы түсқағазды көріп жағасын ұстады (видео)