Әйгілі опера әншісі Пласидо Доминго шапан киіп түскен суреттерін жариялады (фото)
Әйгілі опера әншісі Пласидо Доминго қазақтың шапанын киіп түскен суретін жариялады.
Танымал опера әншісі жақында Қазақстанға келіп, «Астана-Опера» театрында өткен «Травиата» спектаклінде ойнаған болатын. Сапар кезінде оған дәстүр бойынша қазақтың шапаны жабылды. Дәл сол шапанды киіп түскен суретін әнші өзінің Instagram желісіндегі парақшасында жариялады.
Опера әншісі жақын күндері Астанаға келіп, «Астана-Опера» театрында өткен «Травиата» спектаклінде өнер көрсетті. Оған құрмет ретінде қазақстың шапанын жапты. Әнші қазақтың шапанын киіп, суретке түсті.
«Жергілікті салт-дәстүрді сақтай отырып… Қазақстан – керемет ел!», – деп жазды Доминго.
Бұған дейін Голливуд жұлдызы Николас Кейджге министр Арыстанбек Мұхамедиұлы шапан жапқан болатын. Оның дәл осы шапанмен түскен фотосы желіге кеңтарап, әзілге айналып кеткен еді.
Тағы да оқыңыз:
Аборт жасатқан қытай қызының сәбиі аман қалып, оны басқа отбасыға сатып жіберген
Сарқыраманың қасында сүйіктісіне ұсыныс жасамақ болған жігіт сақинаны суға ағызып алды (видео)
Ер адам бұрынғы сүйіктісінің мәйітін тоңазытқышта сақтап келген