Әйгілі футболшы Левандовски қымбат сағатын қолынан алып кеткен қарақшыларды қуды
"Барселона" мен Польша құрамасының шабуылшысы Роберт Левандовскийдің қолтаңба алу рәсімі кезінде құны 75 мың еуро тұратын сағаты ұрланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі sport.es порталына сілтеме жасап.
Сурет ашық дерек көзінен
Оқиға каталондықтардың жаттығу базасында болған. Ойыншы көлікті қақпаға дейін жеткізіп, көлік терезесінен қолтаңба берген сәттін екі адам пайдаланып кеткен.
Шабуылшылар көліктің жолаушылар есігін ашып, ойыншының қолынан құны 75 мың еуро тұратын сағатты алып кеткен.
Роберт Левандовскидің өзі полиция көмекке келгенше қарақшыларды қуған. Нәтижесінде полицейлер қылмыскерлерді ұстады, ал сағат қайтарылды.
Левандовски — поляк футболшысы, испандық "Барселона" клубының шабуылшысы және Польша құрамасының капитаны. Ол әлемдегі ең үздік шабуылшылардың бірі болып саналады.
Талқылау

"Шетелде билетсіз, қонақүйсіз далада қалдым": Қазақстандықтар авторлық тур сатып аламыз деп 2 млн теңгеге дейін қаражаттарынан қағылған
Олар 300 мың теңгеден 2 миллион теңгеге дейінгі ақшадан қағылды

"Бөлімше болыңыз, біздің команда": Алматыда косметика дүкенінің қате аудармасы жұрттың ашуын туғызды
Оқырмандардың бірі баспахананың да мұндай немқұрайлығына реніш білдірді