Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Айгүл Иманбаева: 18 жасымда сезім мен сыйластықты шатастырдым

Әнші әрі актриса Айгүл Иманбаеваның ұлы Асылжан Әбдімүтәлиев есейгенше әкесінің Сәбит Әбдіхалықов екенін білмегенін Астана арнасының “Аналар” бағдарламасында айтып берді. Мұнымен қатар, актрисаның өзі де өткен өмірінде болған оқиғаларға еш өкінбейтінін, Сәбит Әбдіхалықовтың екінші отбасына бақыт тілейтінін айтты.

11881716_1313428685384319_2132838448_n

“Әнші емеспін, актрисамын” деп ұлы өнердің жүгін арқалаған Айгүл Иманбаеваның қазақ сахнасында алар өзіндік орны бар. Еркелігі өсе келе тайсалмас еркіндікке ұласқан актрисаның образдары санқилы. Ол – актриса, әнші, телеарналарда жүргізуші. Ең бастысы, аяулы ана. Бүгінде өмірінің мәніне айналған анасы 68 жаста, ал жалғыз ұлы Асылжан 11 сыныпты бітірмек. Бала болашақта кинорежиссура мамандығын игерсем дейді.

Иманбаева біраз уақытқа дейін баласына әкесінің кім екенін айтпай жүрген көрінеді. Бұл туралы “Мама екеуіміз Астанаға пойызбен шықтық. Сол сәтте анам қолыма туу туралы куәлігімді ұстатты. Ішінде Сәбитұлы деп жазылғанын көрдім. Анамның Болат есімді жездесі болатын. Сол кісінің атына неге жазылмағанымды сұрадым. Осы кезде анам бірінші рет әкем Сәбит туралы айтып берді”, – деп Асылжан әкесінің басқа адам екенін білген кезде қатты таңқалғанын жасырмады.

Өзін әжесі бауырына басып өсіргенін мойындаса да, анасына барынша қолдау көрсетуге тырысады екен.

10623716_191877681165925_985082814_n

12093429_983112455061564_428898564_n

“Тамағын істеп, қолыма көтермесем де, сырқаттанып қалған кезде қасынан табыламын. Ішіндегісін шығарғысы келген кезде, отырып әңгімесін тыңдаймын”, – дейді Иманбаеваның баласы.

Иманбаева 2000 жылдары отандық арналардың бірінен көрсетілген “Ұят болмасын” бағдарламасында келіннің рөлін сомдаған болатын. Бұл уақытта актрисаны көп адам біле бермейтін. Талай өнер майталманын тәрбиелеп шығарған Кәукен Кенжетаевтың сынағынан өткен ару білім шаңырағына түседі. Көп жігіттің арманы болса керек, небәрі 20 жастан асар шағында тұрмысқа шығады.

12063263_463353447170902_483612837_n

12292669_1651395835115899_1095976522_n

“Дәл сол менің 17-18 жасымда сыйластық пен сезімді шатастырып алдым. Бір-бірімізді көрген кезде елең ететіндей махаббат болмады. Шынымды айтайын, екеуіміз бір бағытқа қарай алмадық. Шығармашылық тандем күшті болды, бірақ өмірде мүлдем екі көзқарастағы адамдармыз. Сәбит пен Алтынайдың төрт қызын жақсы көремін. Мұны жасырмаймын. Әсіресе, Симанурсын. Өмір қысқа, біз мәңгілік емеспіз. Күндесіп, айғайласып, жұлысып, тартысып жүргеннен не пайда?! Бүгін болмаса, ертең кез келгеніміз бақилық болуымыз мүмкін”, – деп актриса өмірін өкінішпен өткізгісі келмейтінін айтты.

Бүгінгі таңда Айгүл Иманбаева отандық арналардағы бағдарламаларды жүргізеді. Өзінің “Ai-studio” атты жекеменшік мектебі де бар.


Оқи отырыңыз:

Әсел Сәдуақасова: Отыздан ассам да, отырып қаламын деп қорықпаймын

Аша Матай: Ырымымызға сай сәбиіміздің есімін алдын ала атамайтын болдық

Динара Бақтыбаева: Болашақ жарымды иісіне қарап таңдаймын

Талқылау