Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанайда есірткі мафиясын әйел адам басқарған

Қостанайда 11 адамнан тұратын есірткі мафиясын әйел адам басқарған. Қылмыстық топ мүшелерін айыптау бойынша қылмыстық іс мамандандырылған ауданаралық сотқа жөнелтілді.

19.04(6)

Ақпаратқа сүйенсек, Қостанай және Рудный қаласының 11 тұрғыны “ірі және аса ірі көлемде есірткілік заттарды сату үшін заңсыз сатып алу, тасымалдау, сақтау” әрекеттеріне барған. Олар бұл қылмысы үшін 15-20 жылға немесе өмір бойына сотталуы мүмкін, деп хабарлайды Sputnik.

Есірткі мафиясы былтыр жыл бойы белсенді жұмыс істеген. 2016 жылы желтоқсанда күдіктілер ұсталды. Қылмыстық топтың басшысы әйел адам болып шықты, оның үйін тінту барысында 3 килограмм 227 грамм героин мен оқ ататын қару және оқ-дәрі табылған.

Тағы да оқыңыз:

Ресейлік турист Қазақстанның қонақжайлығын жоққа шығарды (видео)

Неміс жігіт костюмі мен ноутбугын арқалап күн сайын жұмысқа дейін жүзіп барады (видео)

8-қабаттан құлап мерт болған қыздың өліміне себепкер деген жігіттің суреті жарияланды (фото)

Талқылау