Әйелінің екі қолын шауып сотталған күйеуі жарына түрмеден хат жазып өзін күтуін өтінген
Өз әйелінің қолын балталап тастаған 26 жастағы Дмитрий Грачев жарына түрмеден хат жазып жіберді.
Хатта әйелінен өзін күтуін сұрап, кешіруін өтінген. Ажырасу туралы арызын қайтып алуын сұраған. Кейіннен өлтіретінін де айтып қорқытқан.
«Ол өзін ауру деп ойлау үшін әдейі осылай жазған. Ол мені жазаладым, енді бақытты өмір сүреміз деп ойлайды», – дейді әйелі Маргарита Шейкина.
Оқиға 11 желтоқсанда Ресейде болды. Әйелі опасыздық жасады деп күмәнданған ер адам оны орманға апарып, екі қолын кесіп тастаған.
Кейіннен қолын байлап, емханаға жеткізген. Дәрігерлер әйелдің қолын қайта жалғап тігіп берді.
Ерлі зайыпты 5 жыл бірге тұрған. Олардың 3 және 4 жастағы балалары бар.
Тағы да оқыңыз:
Өзінің көгілдір екенін мойындаған әнші Рики Мартин дос жігітімен үйленді
Балалар үйінің қызметкерлері 118 баланы жасырын зорлап келген (фото)
Мәскеуде қылмыс әлемінде Сақал деген лақап атпен танылған топ мүшелерін өлтіріп кетті