Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Әйелінің атынан 2 миллион теңге несие алып, төлемей кетті": Қазақстандық ару жеңгесін қолдау үшін бауырымен араласпай кеткен

Әулетке келін болып түскенімен, ондағы туыстарынан қолдау таппай жүрген қыз-келіншектер көп. Ал жеңгесін не келінін жақын тартып, бауыры мен баласынан бас тартқан жағдайлар туралы естуіңіз бар ма? Stan.kz тілшісі бауырымен ат құйрығын үзіп, жеңгесі әпкесіне, келіні қызына айналған кейіпкерлерден сұхбат алды. 

Фото: Ru.freepik.com

Азалия есімді ару бауырымен араласпайды. Онысына ағасының жеңгесіне деген салғырт қарым қатынасы себеп болған. Айтуынша, ағасы жеңгесінің атынан қомақты несие алып, төлемей кеткен. Осылайша жеңгесін қолдау үшін ағасымен ара қатынасын үзген. 

“Менің ағам жеңгемнің атынан 2 миллион несие алып, төлемей қойды. WhatsApp арқылы туған күнімен құттықтап, мереке кезінде бірде-бір рет гүл сыйлаған емес. 4 жыл отасса да әйелін мейрамханаға апарған жоқ. Ағам жеңгемді бағалай аламады, керісінше, мойнына масыл болып, отырып алды. Енді ол ондай келіншек таппайды. Жеңгемді ағамнан артық жақсы көремін. Әпкем секілді. Үйде болғанда ыдысты да, киімді де өзім жуып көмектесетінмін. Ағам мен жеңгем ажырасып кеткеннен кейін ағаммен араласпаймын, тіпті көріспейміз. Ол үшін қорықпаймын, себебі оның жанында анамыз бар. Өйткен ағам ата-анамның көптен күткен баласы”, – дейді Азалия. 

Ол аға-жеңгесі ажырасқаннан кейін жеңгесінің қатты азып кеткенін байқаған.

“Анамның ойынша, ажырасып кеткен еркек пен әйел бір-біріне жау болу керек. Бауырыммен ара қатынасымды үзсем де, оған еш жамандық тілемеймін. Бірақ әрекеттерін мүлдем қолдамаймын. Есесіне мен ең керемет құрбы таптым. Екеуіміз күнде сөйлесіп, жиі көрісеміз. Әулетке келін болып түскен қыз-келіншектерге күйеуі немесе туыстары қандай да бір қысым көрсетсе, олар да сондай күйді басынан өткеріп көрсін дегім келеді”, – дейді кейіпкеріміз.

Осыған ұқсас жағдайларды басқалар да бөлісті. Бірі ағасының аяғы ауыр әйелінің көзіне шөп салып, әйелі жұмыс істесе де бала қараса алмайтын жексұрын күйеу екенін айтады. Енді бірі ағасы әйеліне қол көтергені үшін ара қатынасын үзген. 

“Әкем анамның көзіне шөп салып, басқа әйелге кетті. Оған дейін анамды ұрып-соғатын. Атам (әкемнің әкесі) өз ұлынан бас тартты. “Сен менің балам емессің” деп, анам мен 3 немересін өз қамқорлығына алды. Атам бізді өзі өсірді. Ал әкеммен араласып, кездескен емес. Былтыр атам өмірден өтті. Ол мен үшін әке орнына әке болды. Атама алғысым шексіз”, – дейді кейіпкер.

Жазира есімді алматылық бойжеткен аға-жеңгесінің отбасы үшін бауырынан бас тартқан. Үйдің кенжесі Жазираның төрт әпкесі, екі ағасы бар. 

“Екінші ағам отбасылы, төрт баласы бар. Мәселе, үлкен ағамда. Оның психологиялық-неврологиялық сырқаты бар. Екі ағам да қара шаңырақта анаммен бірге тұрады. Екінші ағамның үйленгеніне 12 жыл болады. Осы уақытта үлкен ағама қатысты үлкен отбасылық мәселелер болды. Ағамның сырқаты болғанымен үйге бөтен адамдар келгенде, жедел жәрдем келгенде немесе дәрігерлердің қарауында болғанда, полиция қызметкерлерінің көзінше өзін қалыпты, жақсы ұстайды. Бірақ үйде өз ортамызда өте агрессивті, ашуланып, түрлі қылықтарын көрсетеді. Оны өзім қамқоршылықққа алып, сырқатына байланысты зейнетке шығардық. Ағама 2001 жылы диагноз қойылды. Бірақ ол уақытылы қаралып, дәрісін ішіп, оңалуғы тырыспады. Сөйтіп асқындырып алды”, – дейді Жазира. 

Сөйтіп жақындарымен ақылдаса келе, сырқат бауырын мемлекет қарауына өткізу туралы шешімге келген.

“Анам үшін бұл қиын болды. “Туғанымызыды қалай өткізіп тастаймыз, ел не дейді?” деген сұрақтар мазалады. Олай етпесек, бір отбасының шырқы бұзылғалы тұр. Бөлек шығаруға да келмейді. Анамызға күтім керек. Қыздардың өз отбасы бар дегендей. Осылайша, ағамды мемлекет қарауына өткізу туралы шешім қабылдадым. Мұндай шешімге келу маған да оңай болған жоқ. Бірақ бір адам үшін бүтін бір отбасының ойран болғанын қаламаймын. Жеңгем осының бәріне 12 жыл төзіп келді. Кейін шыдамай бірге тұра алмайтынын, не мемлекетке өткізуін, не өзі үйден кететінін айтты. Соңғы жылдары анамзыға қол көтеріп, дөрек сөйлеуді шығарды. Сөйтіп құжаттарын жинап, заңды түрде үкіметке өткіздік”, – дейді кейіпкеріміз.

Жазира қандай мәселе болмасын келінді жерге алып, жерге салмас бұрын, оны жан-жақсы қарастырып, бәріне оңтайлы шешім қабыладу керегін айтады. 

“Бізде “не болса да келін” кінәлі деген жағымсыз таптаурын бар. Сол жағдайдан кейін жеңгемізді жақтырмай қалған ағайындарымыз бар. Алайда оның еш кәнісі жоқ. Өйткені оған да өз отбасы, балаларының амандығы маңызды. Психкасында ауытқыу бар адамның қай кезде не істейтінін ешкім білмейді. Болары болып, бояуы сіңген соң әркет етпей, осындай жағдайлардың алдын алдық. Бұрын туыстарыммен жиі араласатын едік, қазір мен басқа қаладан болғандықтан қоян-қолтық араласпаймыз. Ешкімге кінә артпаймын. Жақындарымды да, жеңгемді де түсінемін. Ағам да бұл ауруды сұрап алған жоқ. Бірақ өзі асқындырып алғаны рас. Қазір бәрі жақсы. Ағам мен жеңгем анамның жанында, ол кісінің де, бала-шағасының да күтім жасап отыр”, – дейді жеңесінің жағдайын түсініп, бітпейтін дауға тоқтау қойған Жазира.

Талқылау