Әйелінің адалдығына күмәнданған ауғанстандық оның қос құлағын кесіп тастады
23 жастағы Балх провинциясының тұрғыны журналистерге күйеуінің өзін қалай жазалағаны туралы сұхбат берген. Келіншектің сөзінше жолдасы оның адалдығына күмән келтіріп, екі құлағын бірдей кесіп тастаған. Өз жарынан қорлық көрген әйел қазір ауруханада жатыр, жағдайы қалыпты.
Бұл туралы ВВС жазды.
«Мен ешқандай да кінәлі емеспін. Неліктен күйеуім маған сенбегенін түсінбедім»,-деп көзіне жас алады Зарина есімді әйел.
Әйел мұндай жағдайдың ойламаған жерден орын алғанын айтады. Ұйқысынан оятқан күйеуі оған ұрыса бастаған. Келіншек жарына 13 жасында-ақ тұрмысқа шыққан екен.
Сол кезден бастап күйеуі әйелінің туыстарымен кездесуіне тыйым салыпты.
« Олар сондай күмәншіл адамдар. Оның туыстары төркініме барсам мені өзге еркектермен сөйлесті деп айыптайтын»,-дейді ол.
Полицияның мәліметінше келіншектің күйеуі осы әрекетінен кейін үйінен қашып кеткен. Қазір іздестіріліп жатыр.
Ауғанстан үкіметі бірнеше жылдан бері әйелдер құқығын қорғау бойынша заң жобасын ұсынып келеді. Бірақ елдің бұрыңғы президенті Хамит Карзай оны мақұлдап, қол қоймай қойған еді.
Қазіргі президент Ашраф Ғани да парламент мақұлдаған балалар мен әйелдерді отбасылық қысымнан қорғау туралы заң жобасына өз разылығын заңды түрде бермей отыр.
Ауғандық еркектердің көпшілігі әйелінің адалдығына күмән келтірген кезде олардың мұрнын, құлағын тіпті жыныс мүшесін кесіп тастауды бұрыннан әдетке айналдырған.
Оқи отырыңыз:
Ауғанстандық жүкті әйелін өлімші етіп сабап, жыныс мүшесін кесіп алған
Асхат Садырбай: Баласына әкесін сыйлата алған әйел – нағыз әйел
Отбасылы әйел тікелей эфирде әнші Еркін Мәуленге сезімін білдірді
Баян мен Тұрсынғали махаббат хикаяларының қалай басталғанын айтып берді