Әйелін терісінің түсі үшін тірідей өртеп жіберген ер адамды өлім жазасына кесілді
Фото: BBC
Үндістан соты әйелінің терісінің түсі үшін тірідей өртеп жіберген ер адамды өлім жазасына кесті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі BBC-ге сілтеме жасап хабарлайды.
Өлім алдында әйел өзінің Кишандас атты күйеуі "терісінің қанық түсіне байланысты үнемі қорлап келгенін" айтқан.
Удайпур қаласының соты ер адамға өлім жазасын тағайындап, қылмысты "өте сирек кездесетін жағдайлардың бірі" деп танып, оны "адамзатқа қарсы қылмыс" деп атады.
Ер адамның адвокаты күдіктінің кінәсіз екенін айтып, сот шешімін аппеляцияға беретіндерін мәлімдеді.
Оқиға 2017 жылғы 24 маусым түні болған.
Лакшми көзі тірі кезде күйеуі оны жиі “қара терілі” деп атағанын және 2016 жылы үйленгеннен бастап терісінің түсін айтып мазақтап келген.
Әйелдің өлімінен бір күн бұрын күйеуі белгісіз қоңыр сұйықтық алып келіп, терісін ағартатынын айтып сендірген. Артынша сұйықтықты әйелдің денесіне жағып, артынша әйелін хош иісті таяқшамен өртеген. Тері тұтанғанын көрген күйеуі сұйықтықты әйелінің денесіне құйып, өзі қашып кетеді.
Лакшми ауруханада көз жұмған.
“Бұл қатыгез қылмыс тек Лакшмиге ғана емес, бүкіл адамзатқа қарсы жасалған қылмыс деп айту шындыққа сай болады. Бұл қылмыс адамзаттың ар-ұжданына сілкініс жасайтын және сау әрі өркениетті қоғамда елестету мүмкін емес әрекет”, – деді істі қараған судья.
Ал істің прокуроры бұл үкімді “тарихи үкім” деп атап, шешім “қоғамның басқа мүшелері үшін сабақ болатынына” үміттенетінін айтты.
Өлім жазасын растау үшін үкім жоғарғы сотқа жіберілген, бірақ айыпталушы 30 күннің ішінде аппеляциялық шағым бере алады.
Ер адамның адвокаты әйелдің өлімі кездейсоқ болғанын айтып, жалған айып тағылғанын, клиентіне қарсы ешқандай дәлел жоқ екенін мәлімдеді.

“50 жыл басқа елде тұрған ата-анам артымнан еріп, көшіп келді”: Қазаққа келін болып түскен корейлік ару жаңа отбасы туралы айтып берді
