Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Балаларының анасын көздерінен айырды: Қазақстандық әйелін өлтіруге тырысқаны үшін сотталды

Түркістан облысында ер адам әйелін балтамен ұрып, өлтіруге тырысқаны үшін сотталды. Ол аяусыз кісі өлтіру әрекеті үшін 11 жылға бас бостандығынан айырылады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "КТК" телеранасына сілтеме жасап.

Отбасылық драма сәуір айының соңында Абай ауылында болған. 51 жастағы жергілікті тұрғын күндіз ешкім жоқ көшеде әйелін аңдып, оған балтамен шабуыл жасаған. Ол бірнеше рет әйелдің қолы мен басына жарақат тигізіп үлгерген. Әйелдің айқайын сол арада кетіп бара жатқан адам естіді. Ол садистті тоқтатқан. Сотта күйеуі әйелінің одан кеткені үшін осылай кек алғысы келгенін айтты. Сотталушы 16 жылдық некеде әйеліне жиі қол көтеріп тұрған. Соңғы шабуылдан кейін әйел мүгедек болып қалды.

"Сотталған Матгулов әйелін өлтіру мақсатында оның басын, қолын және өмірлік маңызды мүшелерін балтамен жарақаттаған. Нәтижесінде жәбірленуші көзінен айырылды. Әйелге екінші мүгедектік тобы берілді. Оның осы некеден екі кәмелетке толмаған балалары бар. Бүлдіршіндер аналарының қасында қалды", - дейді Қасым Қалмағанбетов, Түркістан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы.
.

STAN.KZ
Сенбі, 22 Тамыз, 2020 09:40
Талқылау