Әйелін қызғанып: Ер кісі 6 адамды атып тастаған
Ер адам әйелін қызғанып 6 адамды атып тастады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "РИА Новости" басылымына сілтеме жасап.
Хорватияның астанасы Загреб қаласында оқ тиіп қайтыс болған 6 адамның денесі табылды. Кайзерица ауданында болған оқиға туралы жергілікті полиция қызметкерлері хабардар еткен.
Алдын ала деректер бойынша, ер адам қылмыс жасап қашып кекен. Оны мұндай қылмысқа итермелеген бұрынғы әйелінің басқа ер адаммен көңіл қосуы. Әйелін қызғанған ол отбасындағы төрт баласын, бұрынғы келіншегі мен оның сүйктісін өлтіріп тастаған.
Қазіргі таңда жеті айлық бала ғана аман қалған. Нәресте әртүрлі жарақат алып, ауруханаға жеткізілген. Загреб көшелерінде полицейлер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Ресми емес мәліметке сәйкес, қайтыс болғандардың төртеуі – бала.
Талқылау

"Қазақ екеніме сенбейді": Ақтаулық жігіт желіде ерекше келбетімен көзге түсті
Желі қолданушысы: “Түрі қара болғанымен жүрегі аппақ бала”

"Екінші балаға бұл салт-жоралғы жүрмейді": Қазақстандық ата-ана құдаларынан босанған қызын 40 күнге жіберуге рұқсат сұрап, кәдесый алып келген
Дильназдың сөзінше, алғаш ана атанған қыз үшін туған анасынан артық жанашыр адам жоқ