Соңғы жаңалықтар

Әйелімнен қорықтым: 19 жастағы павлодарлық жігіт өзін ұрлап кетті деп өтірік айтқан

Тергеушілерге адам ұрланды деген жалған ақпарат түсіп, олар іздеу жұмыстарын жүргізген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Бірнеше күн бойы Павлодар полициясы мен еріктілер 16 қараша күні таңертең Ленинский ауылындағы үйінен шығып, жұмысқа бара жатып жоғалып кеткен 19 жастағы жігітті іздеу жұмыстарын жүргізген. 

Ауыл тұрғыны полицияға қоңырау шалып, өзін ұрлап кеткені туралы айтқан. Осылайша құқық қорғау органдары қосымша күштердің көмегімен ер адамды іздестіруді бастаған. 

Артынша ер адам аман-есен табылып, оның ұрланбағаны белгілі болды. 

"Ол жедел уәкілдерге сол күні, 16 қарашада, жұмысқа бара жатып, Хромзавод аймағындағы досының үйіне барғанын, қызымен кездескенін айтты. Полиция ер адамды іздеу барысында ол сол үйде жасырынған", - деді журналистерге Павлодар облысының полиция басқармасы бастығының орынбасары Эльдар Әбдікенов.

19 жастағы жігітті ешкім ұстамаған, жас жігіттің денесінде зорлық-зомбылықтың іздері табылмаған.

"Үйдегілерім мені іздеп жатқанын білгенде әйелім және анама мені ұрлап кетті деп өтірік айта салдым. Жауапкершіліктен қорқып, мені ұрлап кетті деп ойдан шығардым", - деп жігіт қатесін мойындады. 

Жыл басынан бері Павлодар облысының полициясына хабарсыз кеткен 190 азамат туралы хабарлама келіп түсті, олардың 187-сінің қайда екендігі анықталды, облыстық полиция департаментінде статистикалық мәліметтер келтірілді.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр