Әйелімен ажырасқан Алан Черкасов өзін балағаттаған жұртқа бар шындықты айтты
Белгілі тележүргізуші әрі шоумен Алан Черкасов әйелі Анастасия Клещенкомен ажырасып кетті. Елден түрлі жағымсыз пікірлер мен былапыт сөздер естіген Алан шындықты жария етуден басқа амалым қалмады деп ашынды.
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Черкасов отбасында болған жағдай туралы Instagram-дағы парақшасында жазды.
«Мен отбасылық өмірімде болып жатқан жайттарды елге егжей-тегжейлі жеткізетін жандардың қатарынан емеспін. Алайда елден келіп жатқан түрлі пікірлерді көргендіктен, осындай қадамға бармасқа амалым жоқ. Біздің ел алдында жүрген жандар екенімізді, бұған дейін бақытты отбасылық суреттерімізді көрсеткенімізді түсінемін. Бірақ бұл қадамға амалсыз барып отырмын. Себебі желіде қалдырылған пікірлерден бөлек, direct-ке, Facebook-ке келіп жатқан толассыз хат иелері қисынсыз нәрселер жазады. Ең сорақысы, пікір білдіру кезінде қарапайым этика нормаларын сақтамайтын адамдар көп. Қысқасы, достар!
Бұл туралы айту маған оңай емес. Өзім де әлі күнге дейін бұл жайттың менің және отбасымның басынан өтіп жатқанына сенбеймін. Бірақ әйелім Настямен айырылысқанымыз ащы да болса шындық.
Әрине, оның себебін түсіндіріп жатпаймын. Бірақ мені жекелей немесе сыртымнан танитын жандарға айтарым: Өтінемін! Пікір жазу барысында қаралау, даттау, адамның абыройына тиетін сөз айтудан аулақ болыңыздаршы! Шындықты Настя екеумізден басқа ешкім білмейді. Елден, тіпті, менің айналамда жүрген адамдардан әртүрлі әңгіме естулеріңіз мүмкін, бірақ оның бәрі өтірік», – деп жазды шыдамы таусылған Алан.
Бұдан өзге, Черкасов ажырасудан басқа амалы қалмағандарын атап өтті. Сондай-ақ, Анастасия екеуінің ортақ қызы Арнеланы қатты жақсы көретінін, оған әркез әкелік қамқорлығын танытанын тілге тиек етті.
«Бәріміз жақсы көретін бұл қыз үшін Настяға рахмет айтамын. Ол қамқор әрі жақсы ана», – деп түйіндеді сөзін шоумен.
Жіберіп алмаңыз:
Майғазиев шашын бояп, сырға тағатын жігіттерге арнап анекдот шығарды
Жұбаныш Жексенұлы сыртынан әңгіме айтқан Қайрат Нұртасқа өкпелі
Гүлзира ханым үйіне келінін адыраспандап, үкі тағып кіргізді (видео)
Жалған лотерея “ойнатқан” Динара Сәтжан ел алдында масқара болды (видео)