Әйелім жүргіш: Қазақ жігіті өзінен 7 жас үлкен әйелін қарата алмай жүр
Еркінбек есімді қазақ азаматы ажырасып кеткен әйелін қайтара алмай жүр. Ортада бір ұлы бар. Туыстарының сөзіне еріп кетті деген ол баласымен, әйелімен қайта табысқысы келеді.
Бұл туралы "Кел, татуласайық" бағдарламасында айтылды.
Еркінбек өзінен 7 жас үлкен Эльмира есімді әйелді жар етіп алды. 13 жыл бірге тұрды. 5 жыл бала сүйе алмаған Эльмира ақыры бір ұл сыйлады. Бала мектепке барған шақтан бастап ерлі-зайыптының арасы суи бастаған. Еркінбек мырза бұған ортасы мен туыстарының сөзі себеп болды дейді.
"Бастапқыда бәрі жақсы еді. Эльмира тез тіл табысады, жақсы келін болды. Мен әйелімді де, ұлымды да жақсы көрем. Артынан жүгіріп жүргеніме 5 жыл болды. Телефонын көтермейді. Жауап бермейді. Мен отбасыма қайта қосылғым келеді. Себебі баламның болашағын ойлаймын. Ешкім балама жақсы әке бола алмайды. Ешкім біреудің баласыy бақпайды", - деді ол.
Еркінбек мырзаның айтуынша, өзі жұмыссыз қалып үйде бала қарап қалған шақта әйелі ақша тауып, еңбек еткен. Мамандығы бойынша жұмыс істеген. Осы кезден бастап оның мінезі өзгере бастады.
"Ортасы басқа болды. Үйге кешігіп келетін болды. Туған күнге барып, құрбысының үйінде қонып қалатын болды. Ішімдік ішіп келген күндері болды. Мен балам үшін мұның бәріне көз жұма қарадым. Бәріне көндім. Әлі де айтып келемін. Мен оның жүрісінен күмәндана бастадым. Егер қандай да бір жағдайды көріп қалсам, ешқайсысын аямаймын деп ескертім жұмысындағыларға", - деді ол.
Еркінбектің анасы ұлының осалдығын бетіне басты. Әйелінің дегеніне көніп, соңынан еріп кете берді деп ренжіген еді. Ал, інісінің айтуынша, Еркінбек әйелін жақсы көргендіктен сондай қадамға баруға мәжбүр болған.

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
