Әйелі жұмыстан бас алмайтын күйеуінің көзіне 300 ер адаммен шөп салған

Қытай астанасы Пекинде әйел 300 адаммен үнемі қолы босамайтын күйеуінің көзіне шөп салған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Екі баланың анасы Чжан күйеуі жұмыстан босамайтындықтан, көңіл көтеруге тырысқанын айтады. 2017 жылдан бастап ол Чжоу Мо есімімен ер адамдармен кездесе бастаған. Әйел олармен тек жақын қарым-қатынасқа түсіп қана қоймай, құрбандарынан қомақты ақша да алып келген.

Чжан жалпы 400 мың юань (4,8 миллион рубль) алған. Зардап шеккендер жалғызбасты анаға медициналық төлемдерді төлеуге, пәтер жалдау ақысын төлеуге және екі баласын асырауға көмектестік деп ойлаған.

Тамыз айында ықтимал құрбандардың бірі оның әрекетін әшкереледі. Ер адам жаңа танысы туралы көбірек ақпарат табуға бел буып, оны өтірігін ашты. Кейін Чжанды полицияға берді.  Алаяқтың отбасы оның қылмыстық айла-амалдары туралы білмегені белгілі болды.

Ұсталғаннан кейін Чжан ер адамдардан алған ақшаны онлайн құмар ойындарға жұмсағанын мойындады. Іс бойынша тергеу жүріп жатыр. Чжан сегіз жылға бас бостандығынан айырылып, 40 мың юань (жарты миллионға жуық рубль) айыппұл төлейді.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр