Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте әйелі мен баласына АИТВ (ВИЧ) ауруын әдейі жұқтырған отағасына сот үкім шығарды

Шымкентте отағасы өзінің азаматтық некедегі әйелі мен баласына АИТВ (ВИЧ) ауруын әдейі жұқтырған. Ол бірнеше жылдан бері есірткі тұтынып арнайы наркодиспансерде тіркеуде болған.

науқас

Науқас өз дертін білген және өзгелерді  жұқтырудан сақтандырмаған. Оның азаматтық некедегі әйелінің үш айлық баласы болған. Ешқандай аурудан күмәні болмаған келіншек баласын емізіп жүреберген.

Үш айлық балаға инфекция ана сүті арқылы жеткен. Енді  отағасы осы кінәсі үшін 4 жыл жалпы режимдегі колонияға жабылды. Сондай-ақ, ол зардап шеккендерге 1,5 миллион теңге өтемақы төлеуге міндеттелді. Сот үкімі оқылған кезде  күдікті қатыспаған. Ал ауру жұқтырған ана мен балаға емдік шаралары жасалып жатыр. Бұл туралы Zakon.kz сайты жазды.

Оқи отырыңыз:

Саудагерлерді үркітіп ақша алған тараздық қылмыстық топқа қатысты сот үкімі шықты

Өз әйелін пышақтап өлтірген азамат 16 жылға сотталды

Күйеуі әйелін қағып өлтірген жүргізушіні аңдып жүріп атып тастады

Некесіз секспен айналысқан мұсылман әйеліне 26 рет дүре соғылды (фото)

 

Талқылау