Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бірнеше адамның үстінен: "Тальгода" зорланған әйел тағы полицияға арызданды

«Тальго» пойызында зорланған әйелдің оқиғасы жаңаша өрбіді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Тальгода зорланған әйел

Жәбірленуші полицияға шағым түсірді. Әйелдің арыздануына сотталған азамат Қолқанат Құрманиязовтың туыстарымен болған сұхбат себеп болды. Аталған сұхбат әлеуметтік желіде жарияланған болатын. 

Құқық қорғаушылардың пікірінше, ресми жәбірленуші деп танылған азаматқа жала жабылып, ол туралы заңсыз ақпарат таратып отыр. 

«Бүгін біз ҚР ІІМ-ге өтініш жаздық. Жәбірленуші өзі барып, бірнеше фигуранттың үстінен 3 бап бойынша арызданды. Мысалы, бұл Қолқанат Құрманиязовтың әкесі. БАҚ-қа жалған ақпарат таратып отыр. Ол әйелдің өздерінен ақша талап еткенін айтады. Сомасына дейін айтыпты. Бұл жерде ақпарат анық емес», - дейді құқық қорғаушы Дина Таңсәрі. 

Естеріңізге сала кетсек, осы уақытқа дейін Бердіоңғаровтың сотталғандардың ата-анасынан сұхбат алып, артынша өкініп қалғаны туралы хабарлаған едік. 

Талқылау