"Әйелдің қол-аяғын байлап тастаған": Түркістан облысында қарақшылық шабуыл жасалды
Түркістан облысының полицейлері қарақшылық шабуыл жасаған күдікті мен оның сыбайласын ұстады деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Polisia.kz мәліметінше, полицияға жергілікті тұрғын арызданған. Айтуынша, күндіз оның үйіне белгісіз біреу кіріп, әйеліне күш көрсетіп, қол-аяғын байлап, жатын бөлмеден 2 миллион теңге ұрлап кеткен.
Бұл факті Қылмыстық кодекстің 192-бабы "Қарақшылық" бойынша тіркелді.
Шұғыл-іздестіру шаралары нәтижесінде полицейлер бұрын бірнеше рет сотталған Қызылорда облысының тұрғынын ұстады. Күдікті қылмысын толық мойындады. Одан әрі іздестіру кезінде күдіктінің сыбайласы – Келес ауданының тұрғыны тұтқындалды.
Қазір қарақшылық шабуыл бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Күдіктілер қамауға алынды.
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн