Әйелді атылған оқтан сөмкесі қорғап қалды
Нью-Йорк қаласының тұрғынына атылған оқ оның сөмкесіне тиіп, иесін қорғап қалған.
Бұл туралы New York Daily News хабарлайды.
Тонаушы өзінің көлігінің жүксалғышына зат тиеп жатқан 39 жастағы әйелге шабуылдаған. Ол әйелге тапанша тақап, көлігінің кілтін беруді талап еткен. Ал әйел қарсылық көрсеткен кезде, атып жібереді. Атылған оқ оның сөмкесіне тиіп, одан киіміне тіреліп аман сақтап қалған. Сосын ер адам оны тапаншамен ұрып, кілтін тартып алып көлікті айдап кеткен.
Полиция қылмыскерді оқиға болған жерден алты шақырым қашықтықтан ұстады. Оған адам өлтіруге оқталу, тонау, шабуыл жасау, заңсыз қару сақтау және қаруды қылмыс жасау мақсатында пайдалану баптары бойынша айып тағылды. Зардап шегуші ауруханаға жеткізілген.
Оқи отырыңыз:
Тележүргізуші тікелей эфир барысында күйеуінің көз жұмғанын хабарлаған
Түркияға бет алған ұшақ бортында сәби дүниеге келді (фото)
Қырғыздар киіз үй тігуден рекорд орнатты (видео)
Анасы 4 айлық баласын тыныштандыру үшін арақ беріп, өлтіріп қойды

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
