Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Әйелдерді жақсы көремін": Аралас жекпе-жек чемпионы Жалғас Жұмағұлов үшінші әйел алуды жоспарлап жүр

Қазақстандық аралас жекпе-жектен чемпион және екі әйелі бар Жалғас Жұмағұлов үшінші жарын алуды қарастырып жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Rukh Entertainment порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото видеокадрдан скриншот жасалған

– Сіздің үш әйеліңіз бар ма?
– Әзірге екеуі бар. Жақында үшеу болады деп ойлаймын, – дейді Жалғас Жұмағулов.

"Ойда біреу бар... Арыстандар көп, бірақ әр арыстанда өзінің "прайды" болады. Мен соларды басқаратындардың бірімін. Мен әйелдерді жақсы көремін. Әйелдерді жақсы көрсең, үйлен... Аталарымның осыған ұқсас оқиғаларын білемін. Олардың да көп әйелі болған, біздің мәдениетімізде бұл мәселе емес. Менің әлсіздігім – ол әйелдер, хош иісті әтірлер. Жылқыларды ұнатамын. Қазір мені көбі оңды-солды қыдырады деп дұрыс түсінбеуі мүмкін. Дәл осы жерде мен оңды-солды қыдырмаймын", – деп түсіндірді спортшы Жұмағулов.

Жұмағұлов өзінің әйелдерді жақсы көретінін тағы да айтып, екінші әйел алғанын еске салды.

"Енді бір ағам үшінші әйел алуға түрткі болып жатыр. Үлкен мотивация беріп жатыр. Мен мұны жасырмаймын, шындықты айтып отырмын. Әйелдерді жақсы көрсең үйлен. Егер сіз біреуді жақсы көрсеңіз, біреуіне қанағаттаныңыз. Бірақ басқалар үшін солға кетпеңіз. Бұл біреудің қарындасы, біреудің қызы, анасы. Зинақорлық – күнә. Егер сіз оны жасасаңыз, ол сізге міндетті түрде оралады. Саған да, отбасыңа да, әпке, тіпті әйеліңді біреу пайдаланатын шығар", – деп келтіреді Жұмағұлов.

 

Еске салайық, Жұмағұлов 2020-2023 жылдар аралығында UFC турнирінде өнер көрсеткен. Әлемнің ең үздік лигасында ол бір жеңіске жетіп, алты рет жеңіліске ұшырады.

Талқылау