Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

«Әйелдерді шүберекке орап, оны ас үйге қамап қояды»: Автор қысқа киетін қыздарға тиіскен Мұхамеджан Тазабекті сынап, ол сияқты еркектерге күлді

Қысқа көйлек киген қыз-келіншектер еркектерді рак ауруға шалдықтырады, ұрпақсыз қалдырады. Осылай белгілі айтыскер ақын Мұхамеджан Тазабек өз желідегі парақшасында ер адамдарды әйелдердің қоздырмауына шақырған еді. Бірақ медицинада еркек шәуатын шығармаса ауруға шалдықпайтыны белгілі болды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.  

қысқа киімБұл туралы Manshuq порталының авторы Александр Прощенко зерттеу жүргізіп көрген. 

«Психология ғылымдарының кандидаты Мұхамеджан Тазабек ашық-шашық киінген қыз-келіншектер еркектің рак ауруына шалдығуына себепші дейді. Яғни, оны көрген ер адам сол сәтте қозып кетіп, организмінде «сексуалды стресс» оянады екен. Бұл ақылға қонымды ма? Уақыт өткен соң, ол еркек рак немесе импотенцияға шалдығады деп сендіреді. Яғни, жалаңаш әйелдер үшін еркектердің көбі дерлігі рак ауруына шалдығып жатыр екен. Мұны оқыған мен күліп алдым, өйткені қысқа киімнің арқасында жер бетінде еркек қалуы мүмкін екен сонда», – деп жазады автор.

Сондай-ақ, ол қозу процесі тек ер адамдарда ғана болмайтынын ашып айтты. Яғни, бұл процесс әйелдерде де болады. Ал медицинада ер адам егер бітірмесе, онда ол рак немесе импотенцияға шалдығады деген сөз жазылмағанын да алға тартты. 

Медициналық тұрғыдан көрсетіп, қозу мен бітірудің не екенін мысал келтіре айтып өткен.

«Сондықтан достарымыз бен туыстарымыздың денсаулығына алаңдамай-ақ, қысқа шорт кие аламыз. Кез-келген қоғамда Мұхамеджан Тазабек секілді ер адамдар бар. Олар әйелдерді шүберекке орап, астындағы көлігін алып, ал өзін ас үйге қамап қояды. Біз ондайларға не дейміз, тек күлгеннен басқа», – дейді автор.

Бұдан бөлек Александра еркектің бітірмегені денсаулыққа зиян емес, тәнің қаламай онымен жыныстық қатынасқа түсу екі есе зиян екенін айтты. Яғни, «еркек қалап тұр, мен жата салайын» деген ойдан мүлдем аулақ болуға шақырды. 

Талқылау