Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Әйелдер үйде отыруы керек": UFC-дің топ файтері анасымен қарым-қатынасын айтты

bloodandsweat.ru Арман ЦарукянФото: bloodandsweat.ru

UFC-дің салмақ дәрежелерінен тыс рейтингінде 13-орында тұрған Арман Царукян оның анасы келесі жекпе-жегінде болмайтынын айтып, себебін түсіндірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Америкалық лиганың үздік файтері Ариэль Хельваниға берген сұхбатында оның әкесі 22 қарашада Катарда өтетін UFC Fight Night турниріне келіп, жекпе-жекті тамашалайтынын айтты.

Журналист спортшыдан анасының Дохада бола ма деп сұрағанда, Царукян күтпеген жауап берді.

"Ол үйде қалады. Бұл ерлер спорты, ал әйелдер үйде отыруы керек. Анамның менің жекпе-жегімді көруге келетінін елестете алмаймын. Ол жерде қан көп, ал оның ұлы зардап шегуі мүмкін, түсінесіз бе? Меніңше, бұл оған ең қолайлы жер емес… Ол мен төбелесіп жатқанда жай ғана нәтижесін күтеді. Көре алмайды", – деді Царукян.

Айта кетейік, Арман Царукян соңғы рет 2024 жылдың сәуірінде Лас-Вегаста өткен UFC 300 турнирінде бразилиялық Чарльз Оливейраны жеңген еді. Оның келесі қарсыласы Жаңа Зеландиядан келген Дэн Хукер.

Айым Атамбаева
Бейсенбі, 09 Қазан, 2025 17:29
Талқылау