Әйелдер күресінен үш бірдей қазақстандық спортшы қола жүлдеге таласады
Қазақстан құрамасы спортшылары Иорданияның Амман қаласында өтіп жатқан күрес түрдерінен Азия чемпионатында қола жүлдеге таласуға мүмкіндік алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарата агенттігі хабарлайды.
Фото: olympic.kz
Бүгін боз кілемге әйелдер күресінің шеберлері шықты. Нәтижесінде Гүлдана Бекеш 59 келі салмақ дәрежесінде, жұбаныш белдесуде Өзбекстан спортшысы Сарбиназ Жиенбаеваны жеңді.
68 келі салмақта Ирина Казюлина да жұбаныш белдесуде қытайлық Цзелу Лиді ұтты.
Қола жүлдеге таласуға 50 келі салмақта белдескен Светлана Анкичева да мүмкіндік алған болатын. Отандасымыз жартылай финалдық кездесуде жеңіліс тапқан еді.
Бұған дейін, Амманда өтіп жатқан Азия чемпионатында төрт бірдей аруымыз жарысты ширек финалдан аяқтағанын хабарлаған едік.
Талқылау