Ғалымдар: Әйелдер 5 жылдан артық сүйе алмайды
Әйел затының махаббаты ер азаматтың оған деген қарым-қатынасына тәуелді болатыны мәлім. Алайда соған қарамастан, олар өзінің жұбын 5 жылдан артық сүйе алмайды екен. Бельгиялық ғалымдар арнайы зерттеу жүргізіп, осындай байламға келді.
Бұл туралы nz1.ru жазған.
Ғалымдар ұзақ уақыт некеде тұрған 1000-ға жуық әйелден сауалнама алды. Нәтиже бойынша, некенің алғашқы 5-жылдығындағы әйелдер ғана өздерін бақытты санаған. Алғашқы мерзімде жұбайлар арасында ұрыс-керіс аса көп болмайтын көрінеді. Тек содан кейін жағдай кері өзгеріп, көптеген жұбайлар ажырасып жатады.
Зерттеу қатысушыларының басым бөлігі бес жыл некеде тұрғаннан кейін жұбайлардың бір-біріне деген қызығушылықтары төмендей түсетінін айтқан. Соның салдарынан әйелдің күйеуіне деген сезімі суып, тіпті мүлдем жоғалуы мүмкін. Сонымен қатар, сауалнамаға қатысқан әйелдердің 80%-ы 5 жылдан кейін жұбын ауыстыру жайында ойланатыны, тек 1/5 бөлігі ғана алғашқы жұптарын сақтап қалғысы келетіні белгілі болды.
Жіберіп алмаңыз:
Ғалымдар адамның өлгеннен кейін де тірі болатынын анықтады
Ашыққан әйелдер еркектерге қарағанда тамаққа көп ақша жұмсайтын болып шықты