Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ашыққан әйелдер еркектерге қарағанда тамаққа көп ақша жұмсайтын болып шықты

Испанияда жүргізілген зерттеулерге сәйкес, аш адам тоқ адамға қарағанда тамаққа 22%-ға артық ақша жұмсайтын болып шықты. Әсіресе әйелдер қауымы еркектерге қарағанда көбірек ақша төлеуге әзір екен.

effe42e671dd64
Бұл туралы Daily Mail басылымы жазған.

Испаниядағы Сарагосс университетінің ғалымдары тәжірибе жүзінде ашыққан әйелдің ашыққан еркектен қарағанда тамаққа 18%-ға артық ақша жұмсайтынын дәлелдеді. Мұның себебі әйелдердің отбасыдағы тәрбиелік рөлді өз мойнына алуымен және соның салдарынан әйелдер астың жоқтығын қаттырақ сезінетіндігімен түсіндірілді.

Зерттеуге алынған 129 адам түскі астан бұрын және тамақтанып алғаннан кейін ірімшік жәрмеңкесіне қатысты. Зерттеу нәтижелері адамдардың аш кезде 22%-ға артық ақша төлеуге даяр екендігін көрсетті.

Ал семіздік ауруына шалдыққан адамдардың басқа адамдармен салыстырғанда ас үшін 33%-ға артық ақша төлеуге әзір екендігі анықталды.

Мамандардың сөзіне сүйенсек, аш адам үшін астың құндылығы жоғары болғандықтан, ол бағасына қарамастан тағамға тез арада қол жеткізгісі келеді екен.

Жіберіп алмаңыз: 

Ұялы телефон туралы жеті құпияны білесіз бе?

Алғашқы 7 секундта адам жүрегін жаулаудың 7 тәсілі

Ғалымдар ақылды адамдардың не себепті ғашық болуы қиын екенін анықтады

Талқылау