Әйел жүрегі тоқтап, өлімнен кейінгі өмірді көргенін айтты
Ұлыбритания тұрғыны Стелла Ральфини жасөспірім кезінде апатқа ұшырап, төрт минутқа өлімнен кейінгі өмірде болғанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Metro басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Әйелдің айтуынша, ол 16 жасында өлімге жақын жағдайды басынан өткерген. Сол кезде ол жігітімен сауық кешінен қайтып келе жатқан. Жауын жауып тұрған, жігіт ішімдік ішіп алған, нәтижесінде көлік бағанға соғылып қалады. Апат кезінде есік ашылып, Стелла жерге құлаған. Кейін жүрегі тоқтап қалған.
Ральфини туннель көрмегенін, бірақ өз өмірі бір сәтте көз алдынан өткендей сезінгенін айтты.
"Шын мәнінде көргенім – өз өмірімнің көз алдымнан өткені. Бұл өте-өте жылдам болды, әр жастағы өзім туралы көптеген керемет естеліктерді көрдім", – деді ол.
Апаттан кейін Стелла өзін жоғарыдан қарап тұрғандай сезінген, тіпті өз денесін бақылаған. Ол аяғының қалыпты емес жатқанын, қан аққанын, біреу оны қайта тірілтуге тырысқанын еске алады. Сол сәтте ол “өлу үшін әлі жаспын" деп ойлаған. Кейін қайтадан өз денесіне оралып, санасы қайта қалпына келген.
Қазір Стелла Ральфини 78 жаста. Ол басынан өткен тәжірибенің өзіне үлкен әсер еткеніне сенімді. Сол күннен бастап әйел буддизмді зерттей бастаған және жиі волонтер ретінде ауруханаларда жұмыс істеген.

"Баласы бар әйелге міндет арту – сауатсыздық": Қазақстандықтар сәбиі бар үйге қонаққа баратындарды сынады
