Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әйел жүкті екенін толғағы қысқанда біліп, үшемді өмірге әкелді

Американың Оңтүстік Дакота штатының Стерджис қаласының тұрғыны Даннетт Гилтц босану кезінде үш баланы өмірге әкелді.

Әйел жүкті екенін толғағы қысқанда біліп, үшемді өмірге әкелді

Сенбі, 10 тамызда, Даннетт Гилтц ішініңқатты ауырсынғанын сезінді. Әйел ауырған бүйрек тастары деп ойлап, ауруханаға барады.

«Мен бұны бүйректегі тастар деп ойладым, өйткені менде бұрыннан бар еді», - деді ол журналистерге.

Дәрігерлер америкалық әйелді тексеріп, оның босанатынын және оның құрсағында егіздері бар екенін айтты. Алайда, босану кезінде әйелдің үш баласы - ұл және екі қызға жүкті екені белгілі болды. Ата-аналар оларды Блейз, Джипси және Никки деп атады. Олардың әрқайсысының салмағы шамамен 1,8 келі болды.

«Ешқайсымыз табиғи жолмен жүкті болған үшемді көрген жоқпыз, анасы 34 аптаға дейін  үктілігі туралы білмеген. Сондықтан бәрі таңғалуда», - деп мойындады Даннетт.

Ол осы жайтты білген достарына, туыстарына және бейтаныс адамдарға жаңа туған нәрестелерге киім-кешек және балаларға қажет басқа да заттар бергені үшін алғыс білдірді.

Үшемнен басқа Даннетт және оның 12 жыл некеде тұрған күйеуінің екі баласы бар. Олар ата-анасынан інісі немесе қарындасы болғанын жиі сұрайды. Енді отбасының толықтырылуына өте қуанышты қабылдады.

Талқылау