Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әйел ұзындығы 20 сантиметрге жететін кірпік өсіріп, әлемдік рекордты жаңартты

Қытай тұрғыны Ю Цзянься бес жыл орнатқан әлемдік рекордын жаңартты. Ол кірпіктерінің 20 сантиметрлік ұзындығының арқасында Гиннестің рекордтар кітабына енді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Әйел 2015 жылы таңғаларлық ерекшелігі барын байқаған. Кірпігінің ұзындығы арта берген, өсуді тоқтатпаған. Ю Цзянься дәрігерлерге жүгінген, бірақ дәрігерлер сирек кездесетін ерекшелікті түсіндіре алмаған.

"2015 жылы кірпігім өсе бастады. Бірте-бірте олар қалыптыдан ұзағырақ бола бастады. Дәрігерлер таңғалды. Мен ешқашан көз бояғыштарын немесе тушьты қолданбағанмын, ұзын кірпіктердің арқасында көзім опа-далапсыз әдемі көрінеді", – дейді қытайлық әйел.

Қытайлық әйелдің кірпігі әлемдегі ең ұзын екендігі Гиннестің рекордтар кітабымен екі рет расталды. 2016 жылы кірпіктердің ұзындығы 12 сантиметрден асса, 2021 жылы кірпіктердің ұзындығы 20,5 сантиметрге жеткен.


Әлемдегі ең үлкен омырау иесі атанғысы келген әйел кеудесіне 39 операция жасатқан 


Әйелдің айтуынша, туыстарының арасында мұндай кірпік ешкімде жоқ. Қытайлық әйелдің өзі ерекшелігін Будданың оған тартқан сыйы деп санайды.

 


 

Талқылау