Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Вакцина салдырған көп балалы ана бір миллион доллар ұтып алды

АҚШ-тағы Колорадо штатының тұрғыны коронавирусқа қарсы вакцина салдырғандар арасында ойнатылған бір миллион долларды ұтып алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

The Colorado Sun басылымының жазуынша, әйелдің төрт баласы бар. 

Лотерея кезінде бес жеңімпаз анықталған. Әрбіреуіне апта сайын бір миллион доллардан табысталыпты. Ал көпбалалы ана бесінші айналым кезінде ірі көлемдегі ақшалай сыйлық ұтып алған.

"Бұл ақша төрт баламды тәрбиелеуге аса қажет болады. Кеше қызыма бір миллион доллар ұтқанымызды айтқанда ол қуанғанынан: "Алақай, колледжімнің ақшасын төлейтін болдық", – деп айғай салды", – дейді жеңімпаз Хайди Рассел.

Бұдан бөлек, вакцина салдырғандардың арасында өткен ұтыс кезінде 50 мың доллардың стипендиясы ойнатылды. Оны 12-17 жас аралығындағы 25 адам жеңіп алды. Олар ақшалай сыйлықтарын өз қалауы бойынша жұмсай алады. Тіпті Колорадо штатынан тыс жердегі оқу орнына түсуге болады.

Колорадо штатының губернаторы Джаред Полистің айтуынша, ұтыстың арқасында біраз адамға вакцина салынды. Олар лотерея болмаса, екпе салдыруға келмейтін еді. 

Айнұр Мұхади
Жұма, 09 Шілде, 2021 12:32
Талқылау