Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әйел үш баласымен бірге өз үйінің подъезінде тұрып жатыр

Мәскеулік әйел үш баласы, үш мысығы және итімен бірге подъезде тұрып жатыр. Отбасы жиһаздарын да әкеліп алған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі SHOT телеграм арнасына сілтеме жасап, хабарлайды.

Фото: Мәскеу прокуратурасы

48 жастағы Елена желтоқсан айында Тагилскаядағы жаңа әрі кең пәтерін жалға берді. Пәтер иесінің айтуынша, жалға алушылар пәтерақыны бірден 6 айға төлеп қойды, 1,2 миллион рубль берді. Әйел үш баласымен бірге арзанырақ жалдамалы пәтерге көшті. Бірақ көп уақыт өтпей оларды жалдаған пәтерлерінен шығарып жіберген.

Елена өз үйіне тұрғысы келеді, бірақ жалға алушылар одан төлеген ақшаны қайтаруды талап етіп отыр. Ал үй иесі ақшаны жұмсап қойған. Осы себептен жалға алушылар үйден шығудан бас тартты.

Қазір мәскеулік әйел 8, 10 және 13 жастағы үш баласымен бірге подъезде тұрып жатыр. Жиһаздарымен бірге орналасып алған.

Іс сотта қаралып жатыр.

Айта кетейік, бұған дейін ер адам түскі асқа байланысты жанжал үшін 100 жыл түрмеге қамалғанын жазған едік.

Талқылау