Әйел өзінің 35 бауыры бар екенін 69 жасында бір-ақ білген
Ұлыбританияның Манчестер қаласының тұрғыны 69 жасында ғана өзін өсірген ер адамның туған әкесі емес екенін білген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Manchester Evening News басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: istockphoto.com
Жозефина есімді әйел Скотт және Энни Латимердің отбасында жеті бауырымен бірге өскен. Балалық шағында ол Скотттың өзінің әкесі емес екені туралы қауесеттерді естісе де, мән бермеген екен. Жозефина 42 жасқа келгенде, Скотт көз жұмған. Кейін анасы инсульт алып, ауыр халге түскен. Әйелдің айтуынша, ауру анасы жақын арада өмірден озатынын біліп, жасырып келген сырын ашқан. Белгілі болғандай, Энни мен Скотттың қарым-қатынасы тоқтап тұрған кезде әйел басқа бір еркектен жүкті болған көрінеді.
Әйел өзінің нағыз әкесінің аты Джон болғанын және ДНҚ тесті арқылы әкесі тарапынан 35 бауыры бар екенін анықтаған.
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген
Қазақстандық әйел ұлын жапониялық мектепте оқытқаны үшін Жапон үкіметінен жәрдемақы алады
Мадина Мияке: "Балалар мектепте көп ойнайды, оқушыларды оқуға мәжбүрлеп, қыстамайды"