Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өзін зорлаған өгей әкесін өлтірген әйел түрмеден құтылып кетті

Францияның Шалон-сюр-Сон қаласында өзін зорлаған өгей әкесін өлтірген Валери Бако босатылды. Жергілікті басылымдар хабарлағандай, сот төрт баланың анасын бір жылға бас бостандығынан айырып, үш жылға шартты түрде босатуға үкім шығарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Әйелдің айтуынша, 12 жастан бастап өгей әкесі Даниэль Полеттжыныстық, физикалық және психологиялық зорлық-зомбылық жасаған. Өгей әкесі одан 25 жас үлкен. Ер адам түрмеге отырғызылған, бірақ босатылғаннан кейін ол отбасына қайта келген. 17 жасында Бако Полеттен жүкті болып, анасы оны үйден қуып шығады. Қыздың баратын жері болмады, сөйтіп, өгей әкесімен бірге тұра бастайды. Кейінірек Полетт оған үйленген. Ер адам Баконы ұрып қана қоймай, оның еркін өмір сүруіне мүмкіндік бермеген. Ол оған жұмыс істеуге немесе контрацептивтерді қолдануға рұқсат бермеді. Кейінірек ол Баконы фургонның артқы орындығында жезөкшелікпен айналысуға мәжбүр етіпті. Полетт Баконың тәртібін құлаққап арқылы басқарып, клиентке қызмет көрсетуден бастартқан жағдайда, бірнеше рет тапаншамен қорқытқан екен. Осы уақыт ішінде әйел одан тағы үш бала туды.

2016 жылы Полетт 14 жасар қызымен жыныстық қатынас туралы әңгіме бастағанда, Бако "мұны тоқтату керек" екенін түсінді. Бако күйеуін өз тапаншасымен атып өлтіреді, содан кейін екі баласымен бірге мәйітті орманға апарып көміп тастаған. 2017 жылдың қазан айында әйел қамауға алынды, ол кінәсін мойындады және бір жылдан кейін кепілмен босатылды.

Талқылау