Әйел мен еркек құшақтасуының бірнеше түрі бар: мағынасын білесіз бе?
Біздің күнделікті әрекеттерімізден, жүріс-тұрысымыз бен сөз сөйлеуімізден-ақ болмысымызды, мінез-құлқымызды аңғарып, жан дүниемізге үңілуге болады. Алайда мәселе екеудің арасындағы қатынасқа тірелгенде, құшақтасудан артық ділмар жоқ. Неліктен? Ол біздің сәби күнімізден бойымызда қалған ішкі сезіміміз, қажеттілігіміз. Сондықтан құшақтауымыздың өзі сол сәтте кешкен күйімізді аңғартып, қарым-қатынасымыздан сыр шертеді.
Баяу би түріндегі құшақтасу
«Баяу би» – адамның романтикалық сезімі. Ол серігін белінен ұстап, қапсыра құшақтайды. Ал қыз жігіттің мойнын орай асылады. Бұл жағдай мектеп қабырғасындағы жылдарды еске салады. Алғашқы махаббат, алғашқы ұмтылыс. Психологтардың пікірінше, бұл жас жұптарға, алғашқы махаббатқа тән. Яғни сүйікті адамымыз жайлы жиі ойлап, ішкі әлеміміз гүлге толған, сырға толған кездерде. Егер егде жастағы адамдар мұндай сезімді бастан кешірсе, романтикалық сезімінің әлі де сөнбегенін аңғартады.
Қорған болу сипатындағы құшақтау
Бұл құшақтасу өзін қауіпсіздікте сезінуге толыққанды жауап береді. Сүйіктісін артында тұрып, жылы көрпемен орағандай құшақтаған адам қамқоршы рөліне еніп, сүйіктісінің қауіпсіздігін күзетеді. Құшақтасудың мұндай түрі ғашықтардың бір-біріне деген шексіз сенімін білдіреді.
Серігіңнің мойнын орай құшақтау
Бұл құшақтасу түрі – тыныштық, жайлылық пен қолдаудың белгісі. Қолын серігінің мойнына қою адамның қаншалықты сүйетінен, сіз үшін қаншалықты алаңдайтынын білдіреді. Ол адамның осал тұсын бірден көрсетеді, себебі мойын – адам денесінің ең осал жері. Бұл ең ыстық, интимді ишара.
Сипау түріндегі құшақтасу
Серігінің арқасынан қағу – достық пен жақын тарту белгісі. Алайда махаббатқа меңземейді. Егер серігіңізбен осылай құшақтассаңыз, айналаңыздағылар махаббатарыңызға күмәнмен қарап, қатынастарыңызды достық есебінде қабылдайды.
Достық мәнде құшақтасу
Бұл қолдау білдіру белгісі. Ерекшелігі – қолын серігінің иығына қою. Сонымен қатар, мұндай құшақтасу араларыңызда болған достықты білдіреді. Ол қолдау, мейірім таныту, ерлік пен батылдықты аңғартады.
Тастай жабысып құшақтау
Құшақтасудың мұндай түрі бірін-бірі жоғалтып алудан қорқатын ғашықтарға тән. Бұлай құшақтайтын адам сүйіктісін жоғалтудан, өзін тастап кетуінен қорқады.
Ұшу сипатындығы құшақтасу
Серігі биік жерде отырған кезде қапсыра құшақтау. Бұл ишараның мағынасы – құштарлық, қалау. Тек тәнін ғана емес, жанын өзіндік ету. Психологтардың пікірінше, шынайы махаббаттың жоқтығын сезіп, орнын басқысы келген адамдар осылай құшақтасады.
Көпір тәрізді құшақтасу
Көпір – бұл арадағы қашықтық. Ол дененің үстіңгі бөлігін құшақтауды білдіреді. Егер солай болса, қатынастарыңызда түсініспеушілік пен жайсыздық көп. Сіздер бірге болғыларыңыз келгенімен, бір-біріңізді алшақ ұстауға тырысасыздар. Шын мәнісінде, екеуіңізде де махаббат сезімі жоқ.
Көз бен көзді түйістіріп құшақтасу
Бұл жандарыңыздың құшақтасуы. Себебі көз – жанның айнасы. Мұндай қатынаста екеуіңіз үшін де құшақтасудың маңызы зор. Ол – өте терең сезім мен ішкі қобалжу белгісі. Сіздердің қатынастарыңыз берік болған, әлі де берік және бола да береді.
Қалтаға ұрлыққа түсу сипатындағы құшақтасу
Бұлай құшақтаған адам бейсаналы түрде қарапайымдылық пен жайлылық іздейді. Қолын серігінің артқы қалтасына салып жібереді. Ол ғашықтырдың екеуі де тыныштықты сезетінін, махаббатарын гүлдендіруге еш қиындық жоғын аңғартады. Бәрі де жақсы болады. сіздер бір-біріңіз үшін жаралғансыздар және біріңізге-біріңіз қапысыз сенесіздер.

"Баласы бар әйелге міндет арту – сауатсыздық": Қазақстандықтар сәбиі бар үйге қонаққа баратындарды сынады
