Әйел күйеуін ұнтақталған чили бұрышымен өлтірген
Фото: NDTV
Үндістанның Карнатака штатында Сумангала есімді әйел көңілдесі үшін күйеуін өлтірген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі NDTV басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Сумангала 50 жастағы күйеуі Шанкарамуртиге Нагаражу есімді адаммен көзіне шөп салып келген. Әйел күйеуі оның бақытына кедергі келтіріп жатыр деп, одан құтылуды ұйғарған. Күйеуі үйде жалғыз болған кезде екеуі шабуылдаған.
Алдын ала мәлімет бойынша әйел күйеуінің көзіне ұнтақталған чили бұрышын лақтырып, одан соң таяқпен ұрып-соғып, соңынан қылқындырған. “Жұп” ер адамның денесін сөмкеге салып, 30 шақырым жердегі басқа біреудің фермасына апарып тастаған. 3Фермада құдық тауып, сөмкені соған лақтырды.
"Әлемді көрсеткім келді": Әйел саяхатқа марқұм күйеуінің бас сүйегін алып шыққан
Содан соң әйел күйеуінің жоғалып кеткенін айтып, полицияға шағымданады. Тергеу барысында полицейлер жоғалған ер адамның төсегінен бұрыш ұнтағын тапты. Олар әйелді тергеп, оның телефон жазбаларын зерттеген. Осылайша көңілдесімен хатын көреді.
Қазір тергеу жүргізіліп жатыр, қандай жаза тағайындалатыны белгісіз.

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
