Әйел консерві банкасына саусағын кесіп, қауіпті бактерия жұқтырып алған
Ұлыбританиялық 63 жастағы Сью Уитли консерві банкасына саусағын кесіп алып, қауіпті бактерия жұқтырып алған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Daily Mail басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: dailymail.co.uk
2023 жылдың маусымында Уитли краб еті салынған консерві банкасын жуып жатып, өткір қақпағына саусағын кесіп кеткен. Кесілген жер кішкентай болғандықтан, әйел ештеңеге алаңдамай жараны жай ғана таңғышпен жауып қойған. Екі аптадан кейін Уитли иығында біртүрлі ауырсыну сезінген. Алғашында ауруды елемеуге тырысқанымен, бірнеше сағат ішінде жағдайы нашарлай бастаған.
Әйел дереу ауруханаға жеткізілген.
"Бүкіл денем қатты ауырды, келесі күні таңертең бүкіл оң қолымның терісі қара түсті болып кетті, көгерген жерлерден түссіз сұйықтық ағып жатты", – дейді әйел.
Дәрігерлер Уитлидің некроздаушы фасциитке шалдыққанын анықтады. Некроздаушы фасциит – бұлшық ет, тері және басқа тіндерді зақымдайтын бактерия, “ет жейтін ауру” деп те аталады. Бактериялар кесілген жер арқылы денеге кіріп, ағзаға жайылған. Олар әйелдің некротикалық тінін алып тастап, тері трансплантациясын жасаған. Ота кезінде Уитлидің ағзалары істен шығып, 10 күн бойы комаға түскен.
Дәрігерлер Уитлидің аман қалу мүмкіндігінің 50% деп болжаған. Нашар болжамға қарамастан, әйел есін жиды. Қазір жағдайы қалыпты. Әйел оң қолының білегі мен шынтағы арасындағы аймақты енді сезбейтінін, бірақ көлік жүргізіп, қайта жаза алатынын айтады.