Әйел бір сағат қана некеде болып, ажырасып кеткен
Фото: Freepik.com
Кайли есімді аустралиялық әйел күйеуі жігіттің ойға келмейтін әрекетінің кесірінен бір сағат қана некеде болғанын айтып берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Mirror басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Кайлидің айтуынша, ол күйеу жігітпен үйлену тойына дейін алты жыл бірге болған және сырттан қарағанда жұп мінсіз болып көрінген.
Олардың үйлену тойы жақсы өтті, бірақ екеуі бір-біріне серт бергеннен кейін күйеуі жоғалып кетті.
"Бізде салтанатты рәсім болды, біз фотоға түстік. Фотосессия кезінде бәрі керемет болды. Мені оны өмірлік махаббатым деп санадым. Содан кейін ол жоғалып кетті. Одан айлар бойы хабар алмадым", – деді Кайли.
Күйеу жігіттің жоқтығына қарамастан, үйлену тойы жалғасқан, қонақтар не болғанын білмеді.
Сөйтсе күйеу жігіттің басқа сүйіктісі болған екен. Яғни Кайлидің жиен сіңлісімен көңіл жарастырып, сонымен бірге қашып кеткен.
Тойдан кейін туыстары Кайлиден бал айы туралы сұрап, үйлену тойымен құттықтаған. Алайда көп ұзамай ол бәріне шындықты айтты.
Қазір Кайлидің балалары бар.

"Әпшу" сұрайды, омырауын береді, шашын алып тастайды": Қазақстандықтар балаларының жеке шекарасының бұзылып жатқанына шағымданды
