Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әйел біл жылда екі рет жүкті болып, екі рет егіздерді өмірге әкелді

Флорида штатының Уэст-Палм-Бич қаласының тұрғыны жылына екі рет егіздерді дүниеге әкелді. 

Әйел біл жылда екі рет жүкті болып, екі рет егіздерді өмірге әкелді

2019 жылы наурыздаАлександрия Уоллистон Марк пен Малахи атты егіздерді дүниеге әкелді. Мамыр айында ол қайтадан жүкті болып, егіз балалары болатынын білді. Сонымен, 27 желтоқсанда Кайлен мен Халеп дүниеге келді. 

«Мен егіздерді дүниеге әкелемін деп ешқашан ойлаған емеспін», - дейді жаңадан шыққан ана.

Жақында Уоллинстон екі әжесі де егіздерге жүкті болғанын, бірақ босану кезінде олардың шетінеп кеткенін білді.

«Әжелерім маған бұл балаларды көктен жібергендей көрінді», - деді ол.

Егіздерден бөлек, америкалық әйелдің үш жасар қызы бар.

«Шыны керек, оның мінезі өте ауыр. Мен бір емес, екі баланы бірден тәрбиелегендей болдым », - деп қосты америкалық әйел.

Дүйсенбіде, 6 қаңтарда, Калеб жаңа туған нәрестелерге арналған реанимация бөлімінен шығарылды. Інісі Кайлен әлі дәрігерлердің бақылауында. Уолистон бүкіл отбасының дастархан басында жиналуын күтеді.

«Мен джекпотты екі рет ұтқаным сияқты болды», - деп қорытындылады көпбаланың анасы.

STAN.KZ
Жұма, 10 Қаңтар, 2020 20:41
Талқылау