Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әйел бет тазарту процедурасынан кейін көз жұмды

Мәскеуде косметологиялық орталықта пилингтен кейін өзін жайсыз сезінген әйел қайтыс болды. Пластикалық және реконструктивті хирургия орталығында пилинг жасатқан екен.

Бұл туралы Mash  хабарлайды.

Қайтыс болған әйелдің есімі – Галина Топик. Пабликтегі мәліметтерге сенсек, ол 46 жаста. Галина клиникалық өлім жағдайында ауруханаға жеткізіліп, бірден жан сақтау бөліміне жатқызылған. Дәрігерлер оның өмірі үшін 4 күн күрескен екен. Бірақ, бұл еңбектері нәтижесіз болып шықты.

Клиника өкілдерінің айтуынша, олардың бұл іске қатыстары жоқ. Бет тазарту рәсімі кезінде еш қателік кетпеген. Ал Галинаның отбасы бұл істің анық-қанығына жетпейінше тынышталмайтындарын айтып отыр.


Жіберіп алмаңыз:

Алматыда сауда орталығының 3-қабатынан құлаған бала есін жиды

Ақтөбеде зорлаушыдан қашқан 21 жастағы қыз терезеден секіріп кетті

Ақтөбелік танымал бизнесмен жарылыс жасап өзін жарып жібермек болды

ЮНИСЕФ: Қазақстанда сәбилер дәрігерлердің жетіспеушілігі мен салғырттығынан шетінейді

Талқылау