Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әйел келесі балаға жүкті екенін босанып жатқан кезде бір-ақ білген

Ұлыбританияның Галифакс қаласының тұрғыны бесінші баласымен жүкті екенін жедел жәрдем көлігінде босанған кезде ғана білген. 

беременная

27 жастағы Челси Кинэн 15 тамызда кешке қатты ауырсынуды сезінген. Күйеуі үйде болмағандықтан, ол жедел жәрдем шақырған. Оқиға орнына келген фельдшерлер аппендицит деп ойлаған, ауруханаға апаруға шішім қабылдаған, бірақ жолда британдық әйел босанатынын түсінген. Кинэнге ешкім бірден сенбеген: ол сөзінің рас екенін дәлелдеу үшін шалбарын шешіп тастаған.

Көпбалалы ана өзінің жүктілік белгілері болмағанын айтады: етеккірі тоқтамаған, киім өлшемі де бұрынғы қалпында қалған, ешқандай қиындықтар болмаған. 

"Бұрын мен жүктілігі туралы білмеген әйелдер туралы оқыған кезде, "мұндай болуы" мүмкін емес деп ойлайтынмын. Өз басыма келгенге дейін осылай болды", - деді Челси Кинэн.

Анасы Эллиот деп есім берген нәрестеде көптеген туа біткен ақау болды. Баланың сол аяғының сүйектері,  іш қабырғалары толық жетілмеген, сондықтан оның қуығы мен ішектері іште емес, дененің сыртында болды.

Дәрігерлер Эллиоттың өмір сүретінін айтады, бірақ оған бірнеше операция, соның ішінде аяқтың ампутациясы қажет. Сонымен қатар, ол өмір бойы колостомия пакетін қолданады. Анасы онымен бірге ауруханада жатыр, ал әкесі төрт балаға қарап отыр.

Талқылау