Әйел 76 жасында алғаш рет тұрмысқа шығып, жолдасын танысу сайтынан тапқан
Фото: businessinsider.com
АҚШ тұрғыны Джанет Фонтейн 76 жасында алғаш рет тұрмысқа шықты және егде жастағы қарым-қатынастың ерекшеліктері туралы айтып берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Business Insider басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Джанеттің айтуынша, ол өмірінің көп бөлігін мансап пен өзін өзі дамытуға арнаған. Өмірінде бірнеше рет қарым-қатынас болғанымен, олардың ешқайсысы некеге ұласпаған. Әйел тек 73 жасында тұрмыс құру туралы ойлап, құрбысына оны танысу сайтына тіркеуді өтінген.
Сол жерде 2021 жылдың ақпан айында, Джанет өз болашақ жары 78 жастағы Клиффпен танысқан. Олардың алғашқы кездесуі жүзім алқабында өткен. "Ол нағыз джентльмен еді" деп еске алады әйел.
Кейін олар жиі телефон арқылы сөйлесіп, бір-біріне қонаққа барып тұрған.
2023 жылдың желтоқсанында Клифф Джанетке үйлену сақиналарын сатып алуды ұсынған. Ол әзілдеп, жастары келіп қалғандықтан, классикалық түрде тізерлеп тұрып ұсыныс жасай алмайтынын айтқан. Ал Джанет үшін бұл маңызды да болмаған. 2025 жылдың сәуір айында олар үйлену тойларын өткізген.
"Егде жастағы некеге тұру өмірдің қаншалықты өткінші екенін еске салатын нәрсе", – дейді Джанет.
Оның айтуынша, олардың кейбір жақын достары тойға дейін өмірден өтіп кеткен.
93 жастағы ер адам өзінен 56 жас кіші әйелінен тағы балалы болғысы келеді
"Енді тұрмысқа шықпаймын": Мөлдір Әуелбекова жеке өміріне қатысты жазба жариялады
Еске салайық, бұған дейін алматылық Ләззат есімді әйел 50 жасында тұрмысқа шығып, көпшілікті шабыттандырды. Ол болашақ жұбайымен Алматы әуежайында танысып, біраз уақыттан кейін некелескен. Неке қию кезінде мәһрге көлік сұраған. Ләззат әйелдерге кез келген жаста махаббат пен жаңа өмір бастауға болатынын айтады.
Республика күнінің маңызы не, мерекені не себепті қайтарды – Саясаттанушылар жауап берді