Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әйел 40 жылғы өмірін ұмытып, өзін 18 жастағы қызбын деп ойлап жүр

Ким Харрис Деникола есімді америкалық әйел есінен айырылып, 40 жыл бұрынғы өмірін ұмытып қалды.

Ол Американың Батон-Руж қаласының тұрғыны. 56 жастағы Ким Харрис библиялық үйірмеге қатысқан соң осындай күйге түскен. Ол ауруханаға жеткізілген соң отбасы мүшелерін танымай қалды.

“Медбике маған қазір қай жыл деп сұрады. Мен 1980 жыл деп жауап бердім”, – дейді әйел.

Деникола өзін 18 жастамын деп ойлаған. Соңғы рет мектепте емтихан тапсырғанын біледі.

“Мен дәретханаға барып, айнаға қарағанда есімнен тана бастадым. Айнадан 18 жастағы өзімді емес, үлкен әйелді көрдім”, – дейді ол.

Дәрігерлер науқастың ауруы транзиторлы ғаламдық амнезия әсерінен болуы мүмкін дейді. Әйел ешқашан Дональд Трамп пен Барак Обама жайлы естімегенін айтты. Ол компьютерін теледидар деп ойлады. Ал, мобильді телефонды алғаш рет көріп тұрғандай болды.

“Мен көрген теледидар еденде тұратын. Оны косу үшін жанына барып, батырмасын басатынбыз. Қазір қабырғада ілініп тұрады. Өте жұқа, әрі жіңішке. Жарнамалар көбейіп кеткен”, – дейді науқас.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр