Әйел 1,5 жастағы баласын жалғыз тастап, он күнге саяхаттауға кетіп қалған
АҚШ-та әйел бір жарым жасар қызын үйде жалғыз қалдырып, он күнге демалысқа кетіп қалған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі People сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Кливлендте 2023 жылы 6 маусымда 32 жастағы Кристель Канделарио қызы Джейлинді үйінде қараусыз қалдырған. Америкалық әйел саяхатқа шығып, Чикагоға, Мичиганға, сондай-ақ Пуэрто-Рикоға барды.
16 маусымда демалыстан кейін үйіне оралған кезде ана сәбидің тыныс алмай жатқанын байқап, жедел жәрдем шақырған. Дәрігерлер 16 айлық баланы аман сақтап қала алмады. Джейлин қатты сусызданып қалған екен. Сәби манежде жатып, шетінеп кеткен. 17 маусымда Канделарио қамауға алынды.
Канделариоға соңғы үкім 18 наурызда шығады. Огайо заңы бойынша ол өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”