AAPL
148.56 $
0 %
TSLA
643.38 $
0 %
NDAQ
187.76 $
0 %
GOOGL
2660.3 $
0 %
FB
369.79 $
0 %
FRHC
65.1 $
0 %
AAPL
148.56 $
0 %
TSLA
643.38 $
0 %
NDAQ
187.76 $
0 %
GOOGL
2660.3 $
0 %
FB
369.79 $
0 %
FRHC
65.1 $
0 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Әйел - күң емес": Актер Рамазан Амантай үйленгенін жариялады

"Бизнес по-казахски" фильміндегі кейіпкер Еркоштың рөлін сомдап, қалың көпшілікке танылған актер Рамазан Амантай жақында отбасын құрды. Ол жұбайымен таныстығы, әйел мен ердің орны, қоғамдағы жастардың үйленуге көзқарасы жайлы Er-Batyr бағдарламасына сұхбат берді, деп хабарлайды Stan.kz.

"Ең үлкен махаббат қазір басымнан өтіп жатыр", – деп ағынан жарылған Рамазан жұбайының журналист екенін айтты. 

"Беташар өтті, той енді болады. Есімі – Гүлфару. Оқуын енді аяқтайды", – дейді актер. 

Гүлфару қазіргі уақытта келіндік міндетін атқаруда. Әзірге қызметтен алшақ. Алайда Рамазанмен танысқан кезде отандық радиолардың бірінде жұмыс істеген. 

"Өзіңнің адамыңды жолықтырғанда сезесің" деген сөзге сенбейтінмін. Бірақ өзім бірден түсіндім. Әңгімелесе келе, ұзақ созудың пайдасыз екенін түсіндік. Бір айдың ішінде ата-анаммен таныстырдым. Ата-анам да бірден қолдады. "Осы қызды алып кел балам", – деді анам. Көздеріне жас алып, бата берді. “Ата-анама ұнаған қыз жаман болмайды деп ойладым", – дейді кино жұлдызы.

Сондай-ақ Рамазан жарының қандай қасиеттері ұнағанын айтты. 

“Сұлулығы көзіме оттай басылды. Қарапайымдылығы, түсінігі, менің шығармашылығымды жақсы көретіні, қылықтары ұнады. Айта берсең көп. Ондай күлкі жоқ әлемде.

...Мінсіз қарым-қатынас жасаймын, мінсіз күйеумін деп айта алмаймын. Бірақ тырысамын. Әйелін ел алдында еркелетуге намыстанатын азаматтар бар ғой. Сондайларға айтамын, сенің әкең анаңды, күйеубалаң қарындасыңды ел алдында еркелетіп тұрса, күшті емес пе? Көмектесуге, сезімімді айтуға намыстанбаймын өз басым. Әйел – күң емес!", – дейді Рамазан.

23 жастағы актер қатарластарының үйленуге жеңіл қарайтынын, ол үшін қынжылатынын жеткізді. Отбасылық зорлық-зомбылыққа қатысты да пікірін білдірді.

"Әйел шыдау керек емес. Бірақ елге жариялаудың қажеті жоқ. Абай атамыз: "Мінез өзгермейді деген адамның тілін кесер едім" деп айтады ғой. Жыланды да күшті әуен тартып, інінен шығарасың ғой. Сол сияқты адамның тілін тапса, барлығы өзгеретін сияқты. Зорлық-зомбылыққа жақпын деп айта алмаймын. Бірақ барынша сақтау керек сияқты. Қазір сәл бірдеңе болса, қыздардың өздері де ат тонын ала қашады. Ер азаматтар да сезіну керек. Біреуге ақыл айтатын жаста емеспін, тәжірибем де жоқ", – дейді Рамазан. 
 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр