Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Айдар Тұрғанбек: Кезінде ауылдан қалаға бір гитарамды ғана асынып кеткен едім

Айдар Тұрғанбек желі қолданушыларына туған ауылын көрсетті. Әнші ауылға деген ыстық сағынышын жеткізіп, бала күнін еске алды.

Айдар Тұрғамбек: Кезінде ауылдан қалаға бір гитарамды ғана асынып кеткен едім

Одан бөлек қалаға келген өнер иесі мың теңге үшін мейрамханада жұмыс істеген күндерін жайлы айтты. 

"Мына кішкентай ауыл менің туып өскен жерім, яғни Қайнар ауылы. Осы жерде бала бақшаға барып, МұхтарӘуезов атындағы орта мектепті 11 жыл оқып тәмәмдадық. 2001 жылы қалаға оқуға кеттім, сырттай оқуға тапсырдым, жалғыз гитарам болатын, басқа ештеңем жоқ, сол гитарамен мейрамханаға ән айтып жұмысқа кірдім, ол жерде микрофон, муз апарат ештеңе болмайтын, барлығы есіту үшін әнді айқайлап айтатынмын, соңында даусым өшіп қалатын,сол кезде күніне 1500-2000 тенге табамын, ол кезде ол үлкен ақша, қарап отырсам АЛЛАНЫҢ қалауымен сол жерде даусым шыңдалыптығой. Содан бір жыл істеп 2003 басында Жігіттер тобын құрдық, алдын бірі бірімізді танитынбыз,бірге ән айтып жүретінбіз, 2004 жылы Алматыға арман қуып кеттік, көптеген қиыншылықтар болды, қуаныштар болды. Содан осы Ауылдан кеткеніме 18 жыл болыптығой", - дейді Айдар Тұрғамбек парақшасында

Желі қолданушылары әншінің қарапайымдылығын сөз етті. 

"Даусыңыз керемет, өте әсерлі, құлақтан кіріп бойды алады", "Ауылдан шығып, осындай танымал өнер иесі атандыңыз, бағыңыз бар екен", "Дарыныңыз бен еңбегіңіздің арқасы", деп жазды. 

 

Талқылау